Қашықтан оқу
Дата: 23.06.2021
Категория: Новости
Просмотры: 56
#онлайнкітапхана
Құрметті оқырмандар!
Қазақтың ұлы ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтің 90 жылдығына орай, 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 11 маусым күні Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 8 «а» сынып оқушысы Балтабаева Ардақ Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін қашықтан жатқа мәнерлеп оқыды. Мақсаты: Оқушыларды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларын шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=986397392121854&id=100022548073225