Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Рухани құндылығымызды сақтау – басты аманат

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 60
2021 жылы 8 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы ескеткіштер күніне орай «Рухани құндылығымызды сақтау – басты аманат» слайд шоуды оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жастардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ескерткіштер туралы жастарға және жасөспірімдерге мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру. Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы жасөспірімдерді ұлтжандыққа тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/992297788198481/

«Өрт-тілсіз жау»

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 67
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы 2021 жыл 24 маусым күні «Өрт-тілсіз жау» атты бейнеролик назарларыңызға ұсынады. Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқырмандарға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттықтан қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.

«Чернобыль жаңғырығы»

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
Маусым айының 24 – ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Чернобыль апатына 35 жыл толуына орай«Чернобыль жаңғырығы»атты бейнеролигін ұсынды. Бейнероликта Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлер туралы көрсетілді.Мақсаты:Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең оқырмандарға насихаттау. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=992801968148063&id=100022548073225 https://vk.com/wall452366377_1712

«Әке отбасы тірегі»

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 70
Мойнақ ауылдық №6 кітапахана филиалы 2021 жылы 15 маусым күніне орай «Әке отбасы тірегі» атты слайты ұсынады.Мақсаты: Отбасының ұйтқысы,негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып,әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Отбасындағы әке орнын,рөлін көрсете отырып,халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу.Үлкендерді сыйлауға,әкені пір тұтуға,адамгершілікке,әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге,оқырмандарға отбасының ұйтқысы,негізгі тірегі әке екенің,әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірімен бөлісу.Отбасының ұйтқысы,негізгі тірегі әке екенін,әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Ана сен бақыттысың»

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 54
2021 жылы 10 маусым күніне орай Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын қашықтан өлеңдерін мәнерлеп оқуды Ахметқали Айзере «Ана сен бақыттысың» атты тақырыбында оқып әлеуметтік желілерге оқырмандар назарларына ұсынады.Мақсаты: Оқырмандарды сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп ,жырларды мәнерлеп оқуға,өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу,әдебиетіне,туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып,адамгершілікке тірбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ