Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Менің елім" атты өлеңін жатқа оқу

Дата: 22.07.2021 Категория: Новости Просмотры: 49
2021 жылдың 22 шілде күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының «Жыр жұлдыздары» клубының мүшесі Бейсембай Арайлым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтың шығармалар жинағынан «Менің елім» атты өлеңін оқырман назарына ұсынды. Мақсаты: қазақтың көрнекті ақыны Ж.Нәжімеденовтың шығармашылығын оқырмандарға насихаттау.

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Дата: 21.07.2021 Категория: Новости Просмотры: 75
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліске 105 жыл толуына орай, Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен жаңа жоба авторы, ақын, журналист, өлкетанушы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас мырзамен 2021 жылы 15 шілде күні сағат 12-00-де фейсбук парақшасында «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» атты онлайн кездесу өтті. кездесу барысында: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы сұхбаттасып ой бөлісті. Ең алдымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен барша көпшілік оқырман қауымды шын жүрекпен құттықтау сөзден бастады. Ұлт-азаттық көтерілісті 1916 жылмен ғана байланыстырмауымыз керек. Өйткені, тек 1916 жылы ғана ұлт-азаттық көтеріліс болған жоқ. Басқа уақытта ұлтымыз тыныш ұйқтаған сияқты болып көрінеді. Ол шын мәнінде олай емес. Тарихты парақтап көретін болсақ 1991 жылға дейін Қазақстан аумағында 400-ге жуық ұлт-азаттық көтеріліс болғанына тоқт...

«Ғасыр дертінен сақ бол»

Дата: 21.07.2021 Категория: Новости Просмотры: 86
Шілде айының 21 – ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Ғасыр дертінен сақ бол» атты слайд шоуын әлеуметтік желіде ұсынды. Мақсаты: оқырмандарды ғасыр інтеті «СПИД» - пен таныстыру, оның пайда болуы мен жұғу жодарымен таныстыру, СПИД - тің әлемді жайлап бара жатқаны жайлы біршама мәліметтер беру. Оқырмандарды тазалыққа, жаман әдеттерден қашық болуға тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту, ақыл – ой, адамгершілік қасиеттерін арттыру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1010234353071491&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CRk0d-3HQZN/?utm_medium=copy_link

Қазақтың тұңғыш ғарышкері

Дата: 21.07.2021 Категория: Новости Просмотры: 54
2021 жылдың 21 шілде күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында тұрақты оқырмандармен қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың 75 жылдығына орай «Қазақтың тұңғыш ғарышкері» атты печа- куча өткізілді Мақсаты: Өмірде кездескен қиындықтарды жеңіп, өзі армандаған мамандығына жеткен азамат ретінде оқырмандардың жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу.

"Балаларға базарлық" атты кітап көрмесі

Дата: 21.07.2021 Категория: Новости Просмотры: 106
2021 жылдың 21 шілде күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Балаларға базарлық» атты ертегі кітаптарын желідегі кішкентай оқырмандарға ұсынды. Мақсаты: балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, кітап – жанұяның бос уақытын өткізудегі ең бір ажырамайтын бөлігі екендігін көрсету, баланы кішкентай кезден кітап оқуға баулу. Кітап көрмеге: «Кішкентай маймыл», «Жоғалған доп», «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Бақа ханзада», «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ», «тылсымға толы тіршілік», «Үш аю», «Сиқырлы қазан», «Бақа мен бұлбұл», «Батыл есек» атты кітаптары ұсынылды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ