Коворкинг ортылығының жұмысы
Дата: 14.09.2021
Категория: Новости
Просмотры: 43
Еңбек ауылдық№4 кітапханафилиалының коворкинг орталығы.
Күнделікті өмірімізге ене бастаған ағылшын тілінен аударғанда «коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді. Кітапханалардағы коворкинг орталықтарының ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық.
Коворкинг орталығының мақсаты - кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, сонымен қатар кітапханаға жаңадан келіп түскен 3D форматтағы кітаптарды ұялы телефонның көмегімен ертегі кейіпкерлерінің әр қырынан қимылдағанын тамашалауға зор мүмкіндік тудырады. Яғни біздің кітапхана енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналды.
Кітапханаға келуші балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық алаңы.