Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Жазушымен жүздесті

Дата: 21.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 43
Алатау газеті №37, 17.09.2021 жыл

«Күзгі кереметтер»

Дата: 21.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
Оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына ықпал ете отырып, ұмыт болып бара жатқан салт – дәстүрімізді, мәдени – мұраларымызды, сәндік – қолданбалы өнерімізді жаңартуға баулып, көркем сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалап және жасау әдіс – тәсілдерін үйрету үшін шебер қолдар сабағының маңызы өте зор. Жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүниетанымы, көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу, сондықтан сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Осы орайда қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қыркүйек айының 21-ші жұлдызында «Күзгі кереметтер» атты шебер қолдар сабағын ұйымдастырып өткізді. Шебер қолдар сабағының мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыр...

«Алтын тостағанды іздеу»

Дата: 21.09.2021 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 66
«Бір ел, бір кітап»акциясы аясында қалалық орталық балалар кітапханасы қыркүйек айының 16 – шы жұлдызында ZOOM бағдарламасы арқылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған 30 кітаптың балалар әдебиеті жанры бойынша таңдалған ертегі-аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген, шым-шытырық оқиғалар жанрында жазылған«Алтын тостағанды іздеу»Бату мен оның достарының бастан кешкендері кітабының авторы мəдениеттанушы, журналист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты, аудармашы, Наурызбаева Зира Жетібайқызымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырды.Кездесудің мақсаты– оқырмандарды Бату мен оның достарының бастан кешкендері повесін оқи отырып, автордың шығармашылығымен таныстыру.Кездесуге 3 – 5 сынып оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1047636492664610&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CT4QZmvsTE5/?...

«Бір ел – бір кітап»

Дата: 21.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 48
Халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу, оқырмандардың кітап оқуға деген қызуғушылықтарын арттыру мақсатында 15 қыркүйек күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына ұсынылған 30 кітапқа» арналған кітап көрмесіне видео шолу ұйымдастырды. Аталған кітап көрмесі балалар әдебиеті, поэзия, проза, драматургия және аударма жанрлары бойынша бес бөлімнен тұрады. Шолу барысында кітапхана меңгерушісі Ф. Жакупова кітап көрмесінің барлық бөлімдеріне қысқаша тоқталып өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1046876106073982&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CT1FTM1MDIw/?utm_medium=copy_link

«Мақал – мәтел»

Дата: 21.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 49
Кітап оқитын балалар кітап оқитын қоғамды құрады. Сондықтан қазақ әдебиетінен балалар әдебиетін бөліп алып қарастыра алмаймыз. Осыған орай, «2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында қалалық орталық балалар кітапханасы балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру мақсатында 9 қыркүйек күні ZOOM бағдарламасы арқылы қала мектептерінің төменгі сынып оқушылары арасында білім, кітап, оқу тақырыбында «Мақал – мәтел» жарысын ұйымдастырып өткізді. Аталған жарысқа 9 оқушы қатысып, дипломмен алғыс хаттармен марапатталды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1043059073122352&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CTmSSx7ii0b/?utm_medium=copy_link
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ