Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

2021 жылдың 1 қазан - Қарттар күніне орай В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқырманы Дидарқызы Алтынай қарияларды құттықтап, өзінің жылы лебізін өлең жолдарымен білдірді.

Дата: 01.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 42
2021 жылдың 1 қазан - Қарттар күніне орай В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқырманы Дидарқызы Алтынай қарияларды құттықтап, өзінің жылы лебізін өлең жолдарымен білдірді.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/549364733034235/

Қарттарым - қазынам

Дата: 01.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 64
2021 жылдың 1 қазан күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында 1- қазан Қарттар күні мерекесіне орай ауыл ардагерлері қонаққа шақырылып, кітапханаға түскен жаңа әдебиетермен, мерзімді басылымдармен танысып, шара соңында дастархан жайлып, ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері туралы әңгіме сұхбат құрылды. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген...

Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болғанына 20 жыл толғанына орай, кітапханамыздың оқырманы Дидарқызы Арайдың өлең жолдауы.

Дата: 27.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 56
Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болғанына 20 жыл толғанына орай, кітапханамыздың оқырманы Дидарқызы Алтынайөлең жолдауы.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/886724518948565/

«Удивительные динозавры планеты» атты 3D кітаппен таныстыру

Дата: 24.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің «Ойнайық та, ойлайық» коворкинг орталығында қыркүйек айының 23 – ші жұлдызында жас оқырмандарды «Удивительные динозавры планеты» атты 3D кітаппен таныстырып, шолу ұйымдастырды. Мақсаты: 3D кітаптардың көмегімен кеңейтілген шындық технологиясын қолдана отырып, оқырмандарды оқу мен дамуға қосымша ынталандыру, өздерін шығармашылық жағынан көрсетіп, кітап беттерінен ондағы QR – кодтарға басып виртуалды әлемнің 3D анимацияларына және қарапайым VR көзілдіріктерінің көмегімен өздері бұрын оқыған ғажайып әлемдерге саяхат жасауға мүмкіндік беру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1052099438884982&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CUJhTnlqs0D/?utm_medium=copy_link

"Жүрек жылуын сыйлайық"

Дата: 23.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру. Өзге азаматтармен тең құқылы түрде ақпарат алуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани демеу көрсету, кітапханамен дос болуға шақыру мақсатында Қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Д. Ускенбаева қаламыздың Байсейітова көшесінде тұратын мүмкіндігі шектеулі 1-ші топтағы мүгедек Хапезова Айгерімді өз қамқорлығына алып , оның сұранысы бойынша үйіне түрлі түсті қызықты кітаптар мен журналдар апарып берді. Кітапхана қызметкері бұл топтағы оқырманға мәдени демалыс сыйлап, қызметтің барлық түрін қолдануға, қажетті ақпаратқа қол жеткізуге жәрдемдесіп, көңіл-күйін көтеру жолында барынша жұмыс атқаруда .
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ