Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Балалар энциклопедиясы»

Дата: 06.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 54
Сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедиялар балалардың жан-жақты кемелденіп, білімін тереңдете түсуіне, өзі өмір сүріп отырған ортаның қыр-сырын тануға, алыс-алыс өлкелерге қиялында саяхаттауға көп көмегін тигізеді. Жер бетіндегі адамзат ғұмыры сан-алуан оқиғаларға толы. Көне дәуірден осы заманға дейін адамдар көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Бізге дейін өмір сүрген адамдар күнделікті тірлікті жеңілдету үшін түрлі әдістер мен амалдарды ойлап тапты. Өнертабыстар күнненкүнге көбейе түсті. Осы орайда оқырмандардың сауатын ашып, ойын қалыптастырып, білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттырып, тіл байлығын дамыту мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қыркүйек айының 27-шы жұлдызында«Балалар энциклопедиясы»атты танымдық сабақ ұйымдастырды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1054817128613213&id=100022548073225 https://www.instag...

Зергерлік өнер әлемі

Дата: 06.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 62
2021 жылдың 6 қазан күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында № 11 мектептің 7 сынып оқушыларымен «Зергерлік өнер әлемі» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара барысында оқырмандарға қазақтың зергерлік өнері- тамырын тереңнен алатын дәстүрлі саласы екендігі туралы, мәдениет тарихынан ерекше орын алатындығы жайлы ақпарат берілді. Қазақтың зергерлік өнері әлемде теңдесі жоқ ұлттық мәдениет үлгісі, сұлулықтың, шеберлік символы деп білеміз. Оқырмандар кітапханадағы зергерлік өнерге арналған кітаптармен, зергерлік бұйымдардың түрлерімен танысты

«Ғарышқа түрен салған қыран қазақ!»

Дата: 05.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 139
2021 жылдың 5 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында кітапхана оқырмандарының қатысуымен қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор Тоқтар Әубәкіровтің 75 жасқа толуына орай «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ!» атты танымдық сағаты өткізілді.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні.

Дата: 04.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 72
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн. «Қарты бар үй – қазыналы үй» деп бекер айтылмаған. Біздің мемлекетіміз қарттарды қатты құрметтейді. Оларға үлкен құрмет көрсетіп, жан-жақты қамқор болады. Қазақстанның өсіп-өнуіне, өркендеуіне үйіміздің төрінде отырған ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің үлесі үлкен. Біз сияқты ұрпақты тәрбиелеп, өз ақылдарын айтып, өсіп келе жатқан жастарға өз баталарын беріп отырады. Осы орайда, 2021 жылдың 01 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың кітапханашылары 1 қазан – халықаралық қарттар күні Либмоб ұйымдастырды. Шараның мақсаты: қарттарымызға көңіл бөлу, оларды қуанышқа бөлеу. Жақсы тілектер тілеу. Кітапханашылар тарапынан қарттарымызға гүл сыйланып, тәттілер ұсынылды.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/271252755001458/

2021 жылдың 1 қазан - Қарттар күніне орай В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқырманы Талант Бейбіт ардагер ағалар мен ақ жаулықты аналарға өлең жолдарын арнайды.

Дата: 04.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
2021 жылдың 1 қазан - Қарттар күніне орай В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқырманы Талант Бейбіт ардагер ағалар мен ақ жаулықты аналарға өлең жолдарын арнайды.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/193773466197042/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ