Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Буккросинг»

Дата: 18.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 67
2021 жылдың 18 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының қызметкерлері үй арасында орналасқан ойын алаңдарына кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «буккросинг» атты кітап алмасу акциясын ұйымдастырды. «Буккроссинг» ол - үйімізде жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.

«Абай-дара, Абай-дана»

Дата: 18.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 66
2021 жылдың 18 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп интернаттың оқушыларымен ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевқа арналған «Абай-дара, Абай-дана» қазақта атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Шара барысында бөлім меңгерушісі А.Егізтаева оқушыларды кітап көрмесімен таныстырды. Кітапхана қызметкері Е.Солтанбек оқушыларға Абай туралы мағлұмат беріп, әртүрлі сұрақтар қойды. Сонымен қатар оқушылар шамасына қарай Абай атамыздың қара сөздерін айтты.

Тұңғыш кәсіпқой балуан-Қ.Мұңайтпасов

Дата: 14.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 59
#онлайнкітапхана Құрметті оқырмандар! Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу – сол заманда нағыз кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 12 тамыз күні «Тұңғыш кәсіпқой балуан-Қ.Мұңайтпасов» атты бейнероликті көпшілік әлеуметтік желі қолданушылар назарына ұсындық. Мақсаты: Алып кәсіпқой балуан атамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен танысып, есте сақтау, мәдениетті жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге; спорт түрлерімен шұғылд...

Қашықтан оқу

Дата: 14.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 47
#онлайнкітапхана Құрметті оқырмандар! Қазақтың ұлы ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 19 тамыз күні Рахымбек Айжауһар Жанатқызы Мұқағали Мақатаевтың «Пай, пай, Өмір!» атты өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды. Мақсаты:Оқушыларды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали Мақатаевтың шығармаларымен таныстыру, халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу. Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, үлгі алуға, қастерлеп, қадірлейтін қазына. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1029263174501942&id=100022548073225

Құқықтық сауаттылық-уақыт талабы

Дата: 14.10.2021 Категория: Новости Просмотры: 48
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! Осыдан жиырма алты жыл бұрын, 30 тамыз-Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 25 тамыз күні «Құқықтық сауаттылық-уақыт талабы» атты бейнероликті әлеуметтік желі қолданушылар назарларына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Барша әлеуметтік желіні пайдаланушыларға және көпшілік оқырмандарға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру, қоғамның барлық тыныс-тіршілігі заңмен ғана реттеліп, заң арқылы ғана шешілетінін түсіндіру, қолданыстағы Ат...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ