«Қазақ әңгімесінің қас шебері»
Дата: 19.10.2021
Категория: Новости
Просмотры: 66
Оқырмандардың Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, тіл мәдениетін, сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қазан айының 15 – ші жұлдызында оқырмандар назарына «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының хас шебері, классик, белгілі жазушы Сайын Мұратбековтың туғанына 85 жыл толуына орай, «Қазақ әңгімесінің қас шебері» атты онлайн ақпаратты ұсынып, ұйымдастырды. Онлайн ақпарат барысында оқырмандарға жазушының туындылары туралы және шығармаларының өзекті тақырыбы немесе көтерер мәселесі ауыл өмірі, халық санасындағы Ұлы Отан соғысының ауырлығы мен қиындқтары, таза мөлдір махабат үшін болған күрес, маңдайға жазған тағдыр ауыртпалығын көтере білген аналар қайсарлығы, адамзат жан-дүниесіндегі құндылықтарға бағытталып жазылғаны туралы айтылды.
https://m.facebook.com/story.ph...