«Нәубет жылдар шежіресі»
Дата: 21.10.2021
Категория: Новости
Просмотры: 58
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 19 қазан күні «Нәубет жылдар шежіресі» атты тарихи сағат Қазақстандағы ашарлыққа-90 жыл тоуына орай өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары, №21 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға Тәуелсіздік жылдары жарияланған деректерде кеңестiк билiктiң алғашқы 1920-1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылғаны туралы, 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Соңғы мәліметтерде, «1920 жылдардағы ашаршылықтан өлгендердің саны 2,3 млн. адамға жеткені», қазақ демографы Мақаш Тәтiмовтің деректерінде «ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырағаны» айтылды.
Бұл тарих беттерінде, халық есінде «Ұлы жұт» деген атпен қалғандығы жәйлі әңгімеленді.