Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Нашақорлық дерт

Дата: 17.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 51
Құрметті оқырмандар! Учхоз (ЗВТ)№8 кітапхана филиалы сіздердің назарларыңызға «Нашақорлық дерт»атты пікірталас кешін ұсынады. Кеш өту барысында №30 учаскелік амбулаториясының мед бикесі Алтынай Жакупова өз пікірімен жастармен бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстану керек екенін айтып өтті. Мақсаты: жастарға нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1084353032326289&id=100022548073225&__cft__[0]=AZXVIziXA4TvlbHdpDzJDFw98N4KY7vBIb_hgi-_zg4kkR83o9DhH0PP9ME-jZ7OuLPbUXzK4lf5Xr8_C9zoPlUnvCBvNz0l9X_h8fcx4d7pmRC_spDj0W6rXkfdkNWYsbc&__tn__=%2CO%2CP-R

Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға

Дата: 17.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 57
Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл. Ұлымызды ұлықтау мақсатында 2021 жылғы 2 қараша күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында«Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға»аттытұлғалық кешімектеп оқушыларымен өтті. Іс-шара өту барысында №27 орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Сыдық Аяулым «Өнер-білім бар жұрттар», 27 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Жәнібек Мерей «Әй, достарым» атты өлең шумақтарын жатқа айтып берді. Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру, олардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту, сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1078808546214071&id=...

«Қоғам байлығы-жастардың денсаулығы»

Дата: 17.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 56
2021 жыл 15 қараша күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы «Қоғам байлығы-жастардың денсаулығы» атты видеоролик ұсынды. Мақсаты:Жас ұрпаққа “Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын–алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, жасөспірімдерді санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

«Спорт – өмір серігі»

Дата: 17.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 60
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы 8 қараша 2021 жыл күніне орай «Спорт – өмір серігі» атты видеоролик назарларыңызға ұсынады. Мақсаты: Жасөспірімдерді спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстану туралы білімдерін арттыру. Денсаулық өмірдің тірегі екенін түсіндіру.Тәрбиеленушілердің салауатты өмір сүруге зиянды заттардан аулақ болуға үйрету. Оқушыларға ойлау, есте сақтау, танымдылық қасиеттерін, болашаққа деген көзқарастарын дамыту.Спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу. Дыбыстарды дұрыс және оның анық айтылуын, сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.

Жарқын бейне

Дата: 16.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 51
2021 жылдың 16 қараша күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында № 11 мектептің 6 сынып оқушыларымен Қазақстанның халық ақыны Мәриям Хакімжанованың 115 жылдығына орай «Жарқын бейне» атты ақпарат сағаты өткізілді. М. Хәкімжанова өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды. Шара барысында ақынның өмір жолы туралы мәлімет беріліп, өлеңдері оқылды. Мақсаты: Мәриям Хәкімжанованың шығармашылығымен, қайраткерлік жолдарымен таныстыра отырып жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ