Жалынды жастар болашаққа жол бастар
Дата: 17.11.2021
Категория: Новости
Просмотры: 50
Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі.Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға дей – отыра 2021жылғы 15 қараша күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы жатар және мектеп оқушыларының қатысуымен «Жалынды жастар болашаққа жол бастар» пікір алмасу кеші өтті. Мақсаты: Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1087149702046622&am...