Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Тұғыры биік тұлғалар» ақпарат сағаты

Дата: 12.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 33
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында 2024 жылдың 12 қарашасында № 11 мектептің оқушыларымен қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны, драмашысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Тұғыры биік тұлғалар» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара мақсаты: Оқушылардың жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру. Шараға 18 бала қатысты https://www.facebook.com/photo/?fbid=519590464398306&set=pcb.519591674398185&__cft__[0]=AZW-q9dGhZwUGLHy_3DuR3z86zT8J5KQ0e1Npc27n8NCmt9FT9LkSvhfktIB9gmVC7L35cVYcIxM7TOD2b7WPqWLR3W3u8ofNbxgCesEgW_ayCKBv8e84dCZvj4ZpIgr9ZsJl23JjhxRDffv_h5xUe7kGDFt0n9mL8dN0nphkYlU https://www.instagram.com/p/DCRRPcFooah/?utm_source=ig_web_copy_link

«Әлі талай жыр болып жазыларсың...» жас ақындар арнаулары бойынша жыр байқауы

Дата: 12.11.2024 Категория: Объявления Просмотры: 37
Құрметті жыр сүйер оқырмандар! 2024 жылдың 20 қараша күні «Ілияс жансүгіров және ұлттық құндылықтар» кітап фестивалі аясында қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» атты жас ақындар арнаулары бойынша жыр байқауы өтеді. Сіздерді байқауға қатысуға шақырамыз. Біздің мекен-жайымыз: «Жастар» ш/а 9А. Байланыс тел: 25-56-19

«Тылсым өнердің танымгері» атты кітап көрмесі.

Дата: 12.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 30
2024 жылдың 11 қараша күні сағат 14:20 - да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Оңалсынұлы Ниязбековті еске алу сәтіне орай, көпшілік оқырмандар арасында №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында «Тылсым өнердің танымгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған библиографиялық шолу өткізілді. Көрменің мақсаты: оқырмандарды мемлекеттік рәміздердің тарихымен таныстыру және суретші Шәкен Ниязбековтің көрнекті тұлғасымен және өмірімен таныстыру. https://www.instagram.com/p/DCRE6d5irQK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

"Балалар әдебиетінің хас шебері "атты облыстық байқауы

Дата: 12.11.2024 Категория: Наши достижения Просмотры: 29
2024 жылдың 8 қараша күні Жетісу облыстық С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өткен "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында жазушы Бердібек Соқпақбевтың шығармаларын насихаттау барысында "Балалар әдебиетінің хас шебері "атты облыстық байқауында "Менің атым Қожа" шығармасындағы Қожаның образымен көрерменнің ықыласына бөленіп, сұрақтардың бәріне дұрыс жауап бергені үшін Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Ермекқызы Әдемі 1 - дәрежелі дипломымен марапатталды. Оқырмандарымыздың шығар шыңдары биік, алар асулары көп болсын! Жеңіс құтты болсын!

"Жас шахматшылар" клубы

Дата: 11.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 25
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 11 қазан күні сағат 15:00 де «Жас шахматшы» клубының мүшелері жиналып шахмат ойынының жаңа жүріс бағытын уйренді. Мақсаты: Шахмат ойыны арқылы ақыл-ойын, математикалық қабілетін дамыту, логикалық қорытындылар жасай білуге баулу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid05B2nC8HJDsJXfPdzKojN2NT3aTLaxezm6BCJqHWGSCdiRZNEoBZegjRhYEmTEb5bl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZXxbqxhidsXAMkCV2Kgo_3OcQiuht-Si16T1iCHnWfHo1giwTihuDvz9AE983eETnvXUIOKYXGLf8hDVfpGQM0NdvG8jBC9rC6uxnzYoFSVow&__tn__=%2CO%2CP-R
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ