Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Жаңа кітаптар

Дата: 29.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 79
Құрметті оқырмандар! В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасына жаңа кітаптар. Атап айтсақ 1. Жамбыл Жабаевтың 10 томдық шығармалар жинағы. 2. Жаңабек Шағатайдың Ауылдың кішкентай археологтары. 3. Шәкен Күмісбайұлының Бабамдай болғым келеді. 4. Баян Адырбектің Өзбекәлі Жәнібек. 5. Шарафат Жылқыбаеваның Көк бөрінің көзі.6. Герольд Бельгер Волк и Чапа и другие. 7. Нұрдәулет Ақыштың Тау ішіндегі тауқымет. 8. Медеу Сарсекенің Семипалатинская трагедия атты кітаптармен толықтырылды. Құрметті оқырмандар! Аталған кітаптар сіздерді қызықтырса кітапханаға келіп оқуларыңызға болады.

Сұрақ-жауап

Дата: 29.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 49
Құрметті оқырмандар! Жаңа жыл қарсанында сіздерге шағын ойынымыз бар. Жауабын ойланып отырайық

«Дархан даланың дүлділі»

Дата: 23.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 50
2021 жылдың 23 желтоқсан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының №14 орта мектеп-гимназиясының оқушыларымен қазақ әңгiмесiнiң қас шеберi, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өлкемізден шыққан дарынды жазушы Сайын Мұратбековтың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Дархан даланың дүлділі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: жазушы Сайын Мұратбековтың шығармашылығы мен өмірі жайлы оқырмандарға насихаттау, проза, повесть, әңгімелеріне деген қызығушылықтарын арттыру, Сайын Мұратбеков шығармаларымен таныса отыра, кейіпкерлер арқылы өмір шындығының суреттелуін білу, тану. Олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін ұштау, тіл байлығын арттырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Шара барысында оқушылар Сайын Мұратбеков жайлы ақпаратпен бөлісіп, оның «Ананың арманы» атты шығармасына талдау жасады.

’’Үздік оқырман’

Дата: 21.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 47
Бүгін 21.12.21 күні Сәкен Сейфулин атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған ’’Үздік оқырман’’ байқауына Талдықорған қалалық орталық кітапханасының атынан қатысқан оқырманымыз Болат Самал Талғатқызы Алғыс хатпен МАРАПАТТАЛДЫ. Шығар белесіміз, асар асуымыз әлі алдыда.

"Мәңгі болсын тәуелсіздік тұғыры"

Дата: 15.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 47
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 14 желтоқсан күні Қазақтан Республикасының Тәуелсіздігініге 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мәңгі болсын тәуелсіздік тұғыры» деген атпен тарихи сағат өтті. Шараға арнайы кітапхананың тұрақты оқырмандары, зейнеткер ұстаз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қыдыралыұлы Нұртай ата және ардақты ана, мәдениет саласында көп жылдар еңбек еткен, әжелер ансамбілінің жетекшісі, кітапхананың тұрақты оқырманы- Иешева Гүлшекер апай шақырылды. Шара барысында қонақтар тәуелсіздіктің өткен тарихына, қазіргі кездегі жеткен жетістіктері туралы айтып, жастарды жақсы оқып, білімді болуға шақырды. Шараның мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру.жастарды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ