Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Қазақ елінің бұлбұлы"

Дата: 17.01.2022 Категория: Новости Просмотры: 46
Құрметті оқырмандар! Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы КСРО халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ елінің бұлбұлы» атты бейнеслайдтты әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынады.

Жемқорлық індет - жою міндет

Дата: 14.01.2022 Категория: Новости Просмотры: 60
Құрметті оқырман қауым! Талдықорған қалалық орталық кітапханасы "Жемқорлық індет-жою міндет" тақырыбында бейнероликті сіздерге ұсынамыз. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділ...

Ән әлемінің саңлағы

Дата: 13.01.2022 Категория: Новости Просмотры: 99
Ән әлемінің саңлағы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды Күміс көмей әнші, қазақтың бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, Ұлыбританияда өтетін жыл сайынғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын иеленген Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Оның орындауындағы «Кестелі орамал», «Ах, Самара, городок» әндері ел арасында ерекше танымал болды.Оның репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі композиторлардың шығармалары, әлем халықтарының – орыс, өзбек, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, қырғыз, корей, поляк, венгер, қытай, моңғол, үнді халықтарының әндері үйлесімді көрініс тапты. Роза Бағланова әлемге қазақтың әнін ғана емес, болмысын да танытты.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/1826294667578998/

ҒАСЫР БҰЛБҰЛЫ – КҮЛӘШ

Дата: 13.01.2022 Категория: Новости Просмотры: 52
Биыл Шығыс бұлбұлы атанған ұлы актриса Күләш Жасынқызы Байсейітованың туғанына 100 жыл. Жақсы - елге ортақ. Иісі қазаққа мақтан болған әнші-актрисаның туған жері, туған күні ел аузында, құжаттарында әртүрлі болып қалғандықтан жақсыға әркім талас дегендей, қазақтың даласында туса да, кіндік қаны тамған жері ашық бұрмалануда. Бұл да кезіндегі саясаттың әсерінен туған жағдай. 24 жасында қазақ деген халықтың даңқын Мәскеу сахнасында көтеріп, оның мәдениетін, дарынын танытқан әнші-актриса қайткенде астанада - Алматыда туып-өскен болуы керек болған. Оның ауылдан шыққанын ол кезде олқы санаған. Күләш Жасынқызының шыққан тегін ашып айтсақ, оның туған жері де даусыз болады. ХVIII ғасырдан Қараменде би бастап Солтүстік Балқаш өңірін мекен еткен Дадан Тобықтының Манас атасынан тараған Мандардан Қара туады. Қарадан - Айқожа, одан Мәмбет, Бейіс, Уәли. Бейістен: Жасын, Қасымбек, Разбек, Айтбек. Жасыннан: Тұрсын, Күләш, Райхан, Хамза (екінші әйелінен туған)https://www.facebook.com/100022548073225/vid...

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев

Дата: 12.01.2022 Категория: Новости Просмотры: 122
"Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін, Қорғадыңыз ел мен жердің намысын. Тарих өзі таразылар, танытар, Ұлық қазақ Қонаевтың сан ісін",-деп халық оның есімін ұлықтап жүр. Дінмұхаммед атамыздың Советтік Қазақстанды басқарғаны әмбеге аян. Атамыздың туғанына110 жыл өтті. Өмір шолақ, дүние керуен. Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаев 1993 жылдың 22 маусымында Алакөл жағасындағы демалыс үйінде жүрек талмасынан кенеттен дүние салды. Құрметті оқырман сіздерді Талдықорған қалалық орталықкітапханамызда бар кітаптармен таныстырсақ: Д.А.Конаев «Изранные речи и статьи» «Таңғажайып Қонаев» «Динмухамед Конаев «О моем времени»» «Ақиқаттан аттауға болмайды» «Казахстанский миллиард 73» «Елу жыл ел ағасы»
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ