Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Бала деп соққан жүрегі»

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 55
Қалалық орталық балалар кітапханасы төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қаңтар айының 19-шы жұлдызында әлемге әйгілі қонжық Винни және оның достары туралы әңгімелер авторы, британдық жазушысы Алан Александр Милннің туғанына 140 жыл толуына орай «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби тығылмақ ұйымдастырды. Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=909414623153465&id=100022548073225&sfnsn=mohttps: //www.instagram.com/tv/CLIhJTYn1j6/?igshid=1irfchjuwijms

"Мейірім шуағы"

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру. Өзге азаматтармен тең құқылы түрде ақпарат алуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани демеу көрсету, кітапханамен дос болуға шақыру мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Д. Ускенбаева қаламыздың Байсейітова көшесінде тұратын мүмкіндігі шектеулі 1-ші топтағы мүгедек Хапезова Айгерімді өз қамқорлығына алып , оның сұранысы бойынша үйіне түрлі түсті қызықты кітаптар мен журналдар апарып берді.

"Жастар және заман"

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 73
Бүгінгі заман- XXI ғасырдың дамыған техникаларын игеру, білімді болу дәуірі. Егер олай болмаса ертеңгі күніңді көруің де көрмеуіңде ықтимал. Заманның өзгеруі-технология жетіліп, мәдениеттің дамуы немесе керісінше. Жалпы алатын болсақ техниканың дамуының шарықтау шегіне жеткен, даму, өркендеу заманында бұрынғы адамдар қиялдаған небір нәрселер бар. Орыстарда бір мынадай керемет сөз бар: «қазіргі кездегі барлық техника адамның жалқаулығынан пайда болған» деген. Яғни, заман жетістіктері адам игілігі үшін жасалып жатыр. Осыған орай Қалалық орталық кітапхананыңоқырмандарымен zoom конференциясы арқылы ой-пікір өткіздік. "Білім" гуманитарлы-техникалық колледжінің түлегі Тайжанова Аяулым "Жастардың қазіргі проблемасы" деген тақырыбында мақала оқып, қалған оқырмандар өз ойларын жеткізді.

"Оқу,достық,шаттық"

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 46
Ақпан айының 4-ші жұлдызында қалалық №2 кітапхана филиалында коворкинг орталығында «Оқу,достық,шаттық» атты ойын-сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: Мотивациялық жоспардағы қиыншылықтан өту үшін оқырмандарға қызықты оқу сабақтарын жүргізу, яғни арнайы оқу-дидактикалық түрде, дамушы ойындар арқылы, болған сабақ арқылы баланың оқуға деген қызығушылығының тууы және баланың шеберлігін дамыту. Өз күшіне деген сенімділігін арттыру .Бір–біріне деген достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.Ойын арқылы көңіл – күйлерін көтеріп, өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру. Логикалық сұрақтарға толық жауап беріп,ойын әлемінде ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ойнауға,кітап оқуға тәрбиелеу.

Рәміздерім-мақтанышым

Дата: 03.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 48
Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2022 жылы 24 қаңтар күні әлеуметтік желі қолданушы көпшілік оқырман қауымның назарына «Рәміздерім-мақтанышым» деген тақырыпта бейнероликті ұсынып отырмыз. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін кеңейту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту, отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимн қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиеле. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1131465227615069&id=100022548073225
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ