Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Жемқорлық індет ,күресу міндет"

Дата: 11.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 62
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру. Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, оқырмандардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ақпан айының 11-ші жұлдызында Талдықорған қаласының №2 кітапхана филиалы Заң колледжінің 3-ші курс студенттерімен Парасат жолы орталығының « Адалдық алаңы» жобасы аясында «Жемқорлық індет,күресу міндет» тақырыбында ақпарат сағатын ұйымдастырды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1143150363113222&id=100022548073225

Қазақстанның болашағы - жастар

Дата: 10.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 59
Еңбек ауылдық кітапханасы 2022 жылдың ақпан айының 3 жұлдызында #22 мектебінің оқушылары арасында " Қазақстанның болашағы-жастар" атты сторителлинг өткізді. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтарға, сапалы білім, саналы тәрбие беру біздің міндетіміз болса, білімді, өнегелі азамат болу- әр оқушның міндетті екенін айтып өттік.

"Тез оқуды үйреніңіз"

Дата: 10.02.2022 Категория: Итоги конкурсов Просмотры: 226
10 ақпан күні «Қазақстандағы балалар жылы» аясында балаларды мұқият және тез оқуға үйрету мақсатында «Тез оқуды үйреніңіз» атты облыстық жылдам оқу сайысына белсене қатысқаны үшін Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының оқырманы Қайратбек Кәусар Мадиярқызы марапатталды. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1142587326502859&id=100022548073225&__cft__[0]=AZVPPuegt799Mcgv3VYDDg4PMio-vOETyX2fRAUm9FMFdqds45duyuLElPu6bCJhD-M7pQEzv_bm8aflIEbLfriLz-1U_O9BQ3zLog6SIWrLa-au2j7ba3ooMIB3PDT3lRg&__tn__=%2CO%2CP-R

"Жыр жүйрігі Мұқағали"

Дата: 10.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 59
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали атамызға биыл 91 жыл. Соған арнап В.Маяковский атындағы қалалық кітапханасының оқырманы Нәби Еркежанның орындауында “Шеше сен бақыттысын” өленің қарсы алыныздар.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/989734741630894/

«Ғасырдың дара перзенті»

Дата: 10.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 59
2022 жылдың 10 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Білім» гуманитарлық колледжінің 1 курс білімгерлерінің қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, техника ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Д.Қонаевтың туғанына110 жыл толуына орай «Ғасырдың дара перзенті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Д.А. Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, ұлы тұлға Қонаевтың ерліктері арқылы білімгерлерді ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шара барысында білімгерлерге Қонаев жайлы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар білімгерлер қайраткер жайлы өздерінің дайындаған қысқаша баяндамаларын оқып, ой бөлісті.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ