Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Кітапханаға саяхат" мүмкіндігі шектеулі жандармен

Дата: 24.02.2022 Категория: Экскурсии Просмотры: 95
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 24 ақпан күні ауылымыздағы мүмкіндігі шектеулі Демеубаев Самат пен Бөртембай Жұмақызды кітапханаға арнайы шақырып, кітапханамен таныстырып, кітапханалық қызмет көрсетілді. Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмай, кітапханалық қызмет көрсету. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1151422938952631&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWNDhyrnVXLMdAnq7yO57or5GaNeRcyCm3eXXAb0ptQWMGoL8h4U5ryqYtFbs7ujy6GmCTRVgcCwSgxlLl5bYcymNxsLxuRkVzHAaemj1HsZAGnCIOuLEDvD1qi6hoQYT0&__tn__=%2CO%2CP-R

"Жыр ғұмыр" ақын Қ.Бұғыбаеваның туғанына 80 жыл

Дата: 24.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 47
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында Жетісулық танымал ақын Қанипа Бұғыбаеваның туғанына 80 жыл толуына орай «Жыр ғұмыр» атты әдеби сағат кітапхана оқырмандарымен өтті. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1150814195680172&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWkn0OcFwrCvbslz8eI8_k2YLh4RUBFTjAgNKqQfZof0fcKQS9cBY22JpFuoRdBVdqrLoV1tqUWNRCcese5VrP3F-EMCmoEamYYNygW6jQmDFwkAWyZ0ADPy6ykpLdqKzg&__tn__=%2CO%2CP-R

"Жыр дауылпазы-Бақтыбай ақын"

Дата: 24.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 62
24 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының №27 орта мектеп оқушыларының қатысуымен ХІХ жəне ХХ ғасырлар тоғысында өмір сүрген, Ұлы жүз Жалайыр руынан шыққан төкпе ақын əрі айтыста сүрінбеген шебер, шыншыл, жүйрік ақын Б.Жолбарысұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр дауылпазы-Бақтыбай ақын» атты ақпарат сағаты өткізілді.

«Кім жылдам, кім жүйрік?»

Дата: 23.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 55
Ақпан айынның 23 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасы 2022 жыл – «Балалар жылы» аясында № 18 орта мектебінің 3 сынып оқушылары арасында «Кім жылдам, кім жүйрік?» атты жылдам оқу сайысын ұйымдастырды. Сайыстың нәтижесінде 124 сөз оқып 1 орынды иеленген Есентуров Айтуармен 2, 3 орынды иеленген Сержанқызы Жанел және Набиәлі Алхар марапатталып, қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Шараға 15 оқырман қатысты.

«Жетісу ғажайыптары»

Дата: 22.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 61
Оқырмандарды Жетісу өлкесінің керемет жерлерімен, әсем табиғаттарымен таныстырып, табиғатқа, туған жерге деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі ақпан айының 22 – шы жұлдызында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, «Жетісу ғажайыптары» атты саяхат сабағын ұйымдастырды. Шара барысында бөлім меңгерушісі Т. Құрманғалиева оқырмандарды «Жетісу табиғаты», «Жетісу Алатауы», «Алматы облысының шөл даласы», «Алматы облысы самғау биіктен», «Алакөл», «Талдықорған» атты фотоальбоммен және «Қазақстан табиғаты» атты энциклопедияларымен таныстырып, Жетісу өлкесінің тамаша көркімен тамсандыратын әсем табиғаты туралы айтты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1150037735757818&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CaQ9Q0DNtvT/?utm_medium=copy_link
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ