Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Әлемнің асылы-аналар"

Дата: 04.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 68
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 4-наурыз күні «Әлемнің асылы-аналар» атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: балалардың бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Жастарға ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу . Шараға кітапхана оқырмандары мен №21 мектептің оқушылары қатысты. Шараға арнайы шақырылған қонақтар «Әжелер» ансамблінің көркемдік жетекшісі Гүлшекер апа мен осы аталған ансамбілдің белді мүшесі, аяулы ана Гүлсұлу апа қатысушыларды осынау көктемнің алғашқы күнімен келіп жеткен мерейлі мерекемен барша әйел қауымын құттықтап, ақ жарма тілектерін айтты. Мерекенің құрметіне Мәдениет үйінің қызметкері Керейбаева Маржан халық әні «Дедімай-ау» әнін орындап, балалар өз тілектерін жолдады. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1156685155093076&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUPJ2dBoHmZlAb6Ho-e-qPCR4LJvB8njpx8Wau9qrq3dTsPvcTbsS99o9vt8h7tC5Czbe-8GaBQ...

"Еңбекпен елін көгерткен"

Дата: 04.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 55
Қазақстандағы ауыл шаруашылығының ірі ұйымдастырушысы және жаңашылы, Алматы облысы Панфилов ауданының «Октябрьдің 40 жылдығы» алдыңғы қатарлы колхозының төрағасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері Николай Никитич Головацкийдің туғанына -115жыл толуына орай наурыз айының 4 күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы «Еңбекпен елін көгерткен» атты тұлғатану сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: Оқырмандарға Н.Н.Головацкий жөнінде түсінік бере отырып,еңбек жолын саралау.Еңбек туралы ой-өрістерін, іскерліктерін арттырып, оқумен еңбек егіз екенін санасына жеткізіп,адамгершілік сезімдерін дамыту.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1156567855104806&id=100022548073225

"Тез оқуды үйреніңіз"

Дата: 04.03.2022 Категория: Выставки и конкурсы Просмотры: 91
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялады,осыған орай Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы наурыз айының 2-күні «Тез оқуды үйреніңіз» атты жылдым оқу сайысын ұйымдастырды. біздің мақсатымыз — Мәтіндерді тез әрі сапалы өңдеуге, тілдерді үйренуге және қажетті білім алуға, мәтінді ақпаратты арнайы оқу әдістерінің көмегімен тез қабылдау. Зейін, есте сақтау қабілеттерін, зияткерлік қабілеттерін және басқа да дағдыларын дамыту. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1155414718553453&id=100022548073225

"Салауатты өмір-денсаулық кепілі"

Дата: 04.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
Денсаулық– баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор.Осы орайда Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы ақпан айының 25 күні «Салауатты өмір-денсаулық кепілі» атты библиофреш ұйымдастырды. Мақсаты: Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.Оқырмандарды салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1153915092036749&id=100022548073225

Қазақтың Төлегені

Дата: 03.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 48
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 3 наурыз күні қазақтың қара өлеңіне өзіндік өшпес із қалдырған біртуар ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақтың Төлегені» деген атпен портрет кеші №21 мектптің 6 сынып оқушылырымен өтті. Мақсаты: Азғана өмір сүріп, артына мол мұра қалдырған әйгілі ақын Т. Айбергеновтің өмірі мен шығармшылығын оқырман қауымға насихаттау.Өлеңдерін жатқа оқу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1156045875157004&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUBsSctI6gv8VOADF6fTNlqEtN9RvtMlFmXcyUR5ISeho9CZvacSrcq-nmsNjxCAuYzdu3g0jQ017t64lUvAk9qeVs9c-9rOoTaUzOcly9u_qZh48_YrhJtmgC6h2Vdgfc&__tn__=%2CO%2CP-R
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ