Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 16.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
Халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру,оқырман мен кітапхана арасын нығайту. Оқырмандарды кітап оқуға баулу және кітапқа деген құрмет көрсету мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Талдықорған қалалық №2кітапхана филиалына қаламыздың тұрғыны Бекова Камилла қолдануға жарамды тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған әдебиеттерді сыйға тартты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1163017637793161&id=100022548073225

"Ана-өмір шуағы"

Дата: 16.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.Осыған орай Талдықорған қалалық №2кітапхана филиалы наурыз айының 7-ші жұлдызында №5 мектептің 4-ші сынып оқушыларымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Ана-өмір шуағы» атты өлең - жыр сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында өлеңдер оқылып, ұл — қыздарымыз жүрекжарды тілектерін ұсынды. Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау.Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы әйел – ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру https://www.instagram.com/tv/Ca6K6viA6Y1/?utm_medium=copy_link .

"Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол"

Дата: 15.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 57
2022 жылдың 15 наурыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының гуманитарлық – техникалық колледжінің білімгерлерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» атты пікір алмасу сағаты өткізілді. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Ана - өмірдің шырағы

Дата: 15.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 50
Еңбек ауылдық кітапханасында 2021 жылдың наурыз айының 4 жұлдызында «Ана өмірдің - шырағы» атты библио-кофе ұйымдастырылды. Шараға ауылдың ақ жаулықты аналарын қонаққа шақырып, аналарға дастархан жасап, шағын силықтарымызды беріп, оқушылар тақпақтарын, әндерін тарту етті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ақ жаулықты әжелерді, асыл жанды аналарды мерекемен құттықтау.

"Жаңа кітаптар"

Дата: 11.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 46
В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының кітапханашысы кітапхана қорына түскен жаңа кітаптармен оқырмандарды таныстырды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ