"Нұр Наурыз жарылқасын,бақ дәулет арылмасын"
Дата: 24.03.2022
Категория: Новости
Просмотры: 42
Талдықорған қалалық №2кітапхана филиалында 22-наурыз Бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы Ұлыстың ұлы мерекесі күніне орай «Нұр Наурыз жарылқасын,бақ дәулет арылмасын» атты этно-әдеби кеш ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана қызметкері Д.Ускенбаева Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы туралы айтып,Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік берді. Сондай-ақ кеште дарынды жастар мерекеге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілікті тәнті етті. Мақсаты:«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқырмандарды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=11...