"Маржан сөздің зергері"
Дата: 25.03.2022
Категория: Новости
Просмотры: 56
Биыл қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің туғанына 120 жыл. Осы орайда, Наурыз айының 24-ші жұлдызында Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы «Маржан сөздің зергері» атты ұсыныстық көрме ұйымдастырды. Ғабит Мүсіреповтің жырларының ең басты екі тірегі — туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оқырмандарға кітапхана қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары ұсынылды. Көрменіңмақсаты - ақынның шығармашылығын дәріптеу, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1170296130398645&id=100022548073225