Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Мақал – сөз мәйегі»

Дата: 05.04.2022 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 329
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Қазақстандағы балалар жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудару керектігін, олардың әл – ауқаты – Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі, деп атап өтті. Осыған орай, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасы сәуір айынның 5 жұлдызында А.Н. Островский атындағы №8 орта мектептің 6 «А» сынып оқушыларымен «Мақал – сөз мәйегі» атты қалалық мақал – мәтел сайысын ұйымдастырды. 1 орынды Құрманбек Еділ, 2 орынды Тажибай Самал, 3 орынды Асхатқызы Айжан иеленді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1177618956333029&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/Cb91eEDL1V7/?utm_medium=copy_link

«Талап, еңбек, терең ой»

Дата: 04.04.2022 Категория: Новости Просмотры: 50
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Осыған орай қалалық орталық балалар кітапханасы «Талап, еңбек, тереңой» атты балалар арасында қалалық кітап оқу байқауын ұйымдастырды. 3 – 4 сынып оқушылары арасынан № 2 орта мектептің 4 сынып оқушысы Адылхан Марал, 5 – 7 сынып оқушылар арасынан № 24 мектептің 6 сынып оқушысы Шарипов Нұрасыл жеңімпаз атанып облыстық байқауға өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1175097929918465&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CbzzWEuNoxg/?utm_medium=copy_link

«40 ертегі»

Дата: 01.04.2022 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 274
Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Г.Х. Андерсінің туған күні яғни 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілген. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады, жазушылармен кездесулер өткізіледі. Осыған орай 1 сәуірде қалалалық орталық балалар кітапханасы № 18 орта мектеп лицейінің 4 сынып оқушыларымен «40 ертегі» атты жергілікті жас ақын А.С.Кәріпбаевамен кездесу өткізді. Мақсаты: балаларды әдебиетке шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1175074416587483&id=100022548073225

Ел рәміздері - еркіндік нышаны

Дата: 01.04.2022 Категория: СМИ о Нас Просмотры: 81
Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Албиланова 2022 жылдың наурыз айында "Алатау" газетіне Рәміздеріміздің 30 жылдығына орай "Ел рәміздері - еркіндік нышаны" атты тақырыпта мақала ұсынған еді, 2022 жылдың наурыз айының 18 жұлдызында газеттің №10-11 нөмініне басылып шықты.

«Сөздіктер біздің көмекшіміз»

Дата: 30.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 68
Оқырмандардың кітапханалық – библиографиялық білімдерін насихаттау. Сөздіктерді, энциклопедияларды дұрыс пайдалануға үйрету, олардың алуан түрлерін көрсету, оқушылардың сөздіктерді пайдалану негізінде дағдыларымен шеберліктерін қалыптастыру мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі наурыз айының 30 – шы жұлдызында «Сөздіктер біздің көмекшіміз» атты библиографиялық сабақ ұйымдастырды. Шара барысында кітапханашы М.Сапбек оқырмандарға сөздіктердің пайдасы мен түрлері туралы кеңінен түсіндіріп, сөздіктер мен энциклопедиялардың бір бірінен айырмашылығын ашып айтып берді. Библиографиялық сабаққа 12 оқырман қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1173581730070085&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/Cbt0A-jtOvS/?utm_medium=copy_link
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ