"Жеңіс туы желбіресін мәңгілік"
Дата: 05.05.2022
Категория: Новости
Просмотры: 47
Оқырмандарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында қалалық №2 кітапхана филиалы мамыр айының 5-ші жұлдызында «Жеңіс туы желбіресін мәңгілік» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында кітапхана қызметкері Д.Ускенбаева көрмеге шолу жасады.Соғыс тарихынан сыр шертетін кітап көрмесіне кітаптар, фотоальбомдар, газет-журналдар мен суреттер қойылды. Атап айтқандаҰлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері жайлы мәліметтер берілген «Жеңіс сарбазы», «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», Ә.Нұршайықовтың «Боздақтар», Б.Момышұлының «Алыстан сәлем жолдаймын», «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев естелік кітабы» қойылды.
Ұлы Отан соғысындағы майд...