Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Жүректен жүрекке" ойын сабағы

Дата: 14.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 31
2024 жылдың 29 қазан күні қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына кызмет көрсету бөлімінде "Коворкинг" орталығында Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп – интернатын балаларымен «Жүректен жүреке» атты ойын терапия ұйымдастырылды. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасап,көтеріңкі көңіл –күй сыйлап, рухани демеу көрсету, кітапханамен дос болуға шақыру.

«Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары желісінде» атты нон-стоп

Дата: 14.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 25
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 14 қараша күні № 22 орта мектептің оқушыларының қатысуымен, 2024 жылы Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл кітабы қазақ балалар әдебиетінің классигі, әлем таныған жазушы, қазақ әдебиетін Хан Тәңіріндей биігіне көтерген қарымы бөлек қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары желісінде» атты нон-стоп өткізілді. Мақсаты: Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Шара барысында әлемге танылған әйгілі шығармасы «Менің атым-Қожа» фильмінен «Қожаның өз-өзіне есеп беруі» атты құпия кеңесіндегі үзіндісін Еңбек ауылдық кітапхананың тұрақты оқырманы Қарлыбаев Жарас оқырмандардың назарына ұсынды. .

"Жастықшаның бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу" атты матамен жұмыс

Дата: 14.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 24
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 14 қараша күні "Жастықшаның бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу" атты матамен жұмыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға сызба оюдың жасалу жолдарын түсіндіру.

«Поэзия әлемінің саңлағы»

Дата: 14.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 43
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 14 қараша күні «Поэзия әлемінің саңлағы» атты поэзия кеші №21 метептің 9 сынып оқушылары арасында сағат 10:00 өтті. Шара, Алаштың классик ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы қаласына «Еңбегі сіңген» қайраткер ақын, бірнеше жыр жинағының авторы Заида Елғондинованың 75 жасқа толуына орай өткізілді. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, оқырмандар ақынның поэзиясынан сусындап, өлеңдерін оқыды. Мақсаты: ақын З.Елғондинованың шығармашылығын жастарға насихаттау. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/472981958567339/?__cft__[0]=AZVTl0UfkiUsoxty94lvMN9aTk5IwUDP41yfu90OVyGoGzpBJFKNs5AlkBcK-83AH_2g0ocD1GR7Vs0I69boeD_wv7KIZzUxFPBxlMi5F_MOa_YeI40mQPYm-FKBiw6RfPy7abUY7EZPxl-cf8bxZPOCBuLZBTs-bf7cSZjgaJIiTw&__tn__=%2CO%2CP-R https://www.instagram.com/reel/DCVzEseRruF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODB...

«Ою өрнек-ежелгі өнер»

Дата: 13.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
2024 жылдың 13 қараша күні қалалық орталық балалар кітапханасында жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде үйірмеге қатысатын оқушыларға «Ою өрнек-ежелгі өнер» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін білуге, ою түрлерін олардың қай жерлерде қолданылатынын үйрету, алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ