Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Менің елім, менің президентім"

Дата: 17.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 54
2022 жылдың 17 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен Мемлекет Басшысының туған күніне орай «Менің елім, менің президентім» атты танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушының бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру. Отан алдындағы борышын мақтаныш пен жеткізіп, сезіне біліу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт-дәстүрлерімізді қазақи дарқандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Шараға 15 адам қатысты.

«Тауып көр...»

Дата: 17.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 59
2022 жылдың мамыр айының 17 жұлдызында балалар кітапханасының ғимаратында Абай атындағы № 1 орта мектептің оқушыларымен «Тауып көр...» атты сұрақ – жауап ойын ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Балаларды көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен теренірек таныстыру, дүниетанымдарын кеңейту, ой ұшқырлығына, білімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ізденіштікке тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1205614523533472&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/Cdpq-RjNz-c/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

«Біз біргеміз бәріміз»

Дата: 13.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 74
Мүмкіндігі шектеулі балалардың көңіл күйін көтеру, балалардың икемділігін анықтап, қызығушылығын арттыру, есте сақтау мен сөйлеу қабілеттерін жетілдірумақсатындақалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 2022 жылдың мамыр айының 13 – ші жұлдызында Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының оқушылармен«Біз біргеміз бәріміз»атты ойын сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында кітапханашылар Л.Дайрабаева мен М.Сапбек танымдық ойындар арқылыоқушылардың ойлауына, тілдеріндамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға ықпал етті. Шараға 27 оқушы қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1202784990483092&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CdfQc7ptW2I/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

"Отан отбасынан басталады"

Дата: 12.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 65
"Отан-қуат, отбасы - шуақ" деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Жастардың тәрбиесіне, оқу-біліміне аса мән берген. Осыған орай Өтенай ауылдық #5 кітапхана филиалында 15 мамыр "Отбасы күні" қарсаңында "Отан-отбасынан басталады" деген атпен әңгіме сұхбат #21 орта мектептің оқушыларымен өтті. Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілік, туған шаңырақтан алған тәрбиеден бастау алатындығын, отбасы құндылықтарын түсіндіру.

"Отбасым-бақыт мекенім"

Дата: 12.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 56
Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы-махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі-мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі. Осы орайда 2022 жылдың 12 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы 15 мамыр отбасы күніне орай Талдықорған қаласының №15 орта мектептің оқушыларымен «Отбасым-бақытты мекенім» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ