Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Алғыс айту – парызым!

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 62
1наурыз-Алғыс айту күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2022 жылы 28 ақпан күні «Алғыс айту – парызым!» атты строителлинг мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында кітапханашы К.Табылдинова өзге ұлттардың қазақ жеріне қалай қоныс тепкендерін, оларды қазақ елінің қонақжайлылықпен қарсы алғанын, бүгінде Қазақстан олардың Отаны болып кеткенін айтып берді. Сондай-ақ, кітапхананың белсенді оқырмандары ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Мақсаты: Ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1154553461972912&id=100022548073225

Қазақтың бұлбұлы-Күләш Байсейітова

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 63
Қазақтың атақты әншісі, әрі артисі, қазақ опера өнерінің негізін салаушылардың бірі Күләш Байсейітованың туғанына 110 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2022 жылы 18 ақпан күні «Қазақтың бұлбұлы-Күләш Байсейітова» атты бейнероликті әлеуметтік желі қолданушылардың назарына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітова өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әуелеп салынған әннің құдіреттілігін сезіндіру, өнерге дегнен сүйіспеншіліктерін арттыру. Қамшының сабындай ғана ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен әнші өмірін үлгі тұту. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1147326679362257&id=100022548073225

«Тарихтан тағылым, өткенге тағзым»

Дата: 19.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 62
2022 жылдың мамыр айының 19 – шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 31 – мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: ХХ ғасырдағы қазақ баласының басына түскен сұмдық алапат, қанды қырғын, қазақ даласын адам қанымен суарған қатыгез қасапшылық, саяси репрессия құрбандарын еске алу және оқушыларға елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1206972676730990&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/CdvDmFCrPHD/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Мамандық таңдап көрейік

Дата: 19.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 59
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2022 жылдың мамыр айының 14 жұлдызында «Мамандық таңдап көрейік» атты дублер шоу №22 мектептің оқушылары арасында өтті. Кітапханашы Н.Албиланова балаларға, мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз екенін. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс болатынын. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет екенін айта отырып, көптеген қазіргі таңда қажеттілігі жоғары мамандықтарға тоқталып өтті. Мақсаты: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

"Әлемді кітаппен танимын"

Дата: 19.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 56
2022 жылдың 19 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында мүмкіндігі шектеулі балаларға «Әлемді кітаппен танимын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалды. Мақсаты: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, оқыған кітаптары жайлы бір-біріне айтып, қызықтыруға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ