Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Дата: 26.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 70
2022 жылдың 26 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Жоғарғы политехникалық колледж білімгерлерімен "Ғаламтордың пайдасы мен зияны" атты іс-шара өткізілді. Шараға Жастар ресурстық орталығының психологтары: Джумабаева Салтанат және Дұрыскелдинова Сандуғаш қатысып, білімгерлермен ғаламтор жайлы қызықты ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар ғаламтордың тұтқұлында қалмайтындай, тек пайдалы деректерді алып, зияны мен пайдасы туралы мәліметтер берілді. Мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты білімгерлердің білімдерін нығайту, тиянақтау, интернет туралы толық ой қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Шараға 20 адам қатысты

«Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»

Дата: 24.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 143
Биыл ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай және де «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында 2022 жылдың мамыр айының 24 – де қалалық орталық балалар кітапханасы «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы» атты ақпараттық сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық еңбегімен өмірбаянымен таныстыру. Шара барысында кітапханашы М.Сапбек оқырмандарға ақынның өмір жолымен шығармашылығымен таныстырып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Шараға 16 оқырман қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1210411413053783&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/Cd7zn1NNU81/?igshid=YmMyMTA2M2...

3Д кітаптарына шолу

Дата: 24.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 50
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында балалар жылы аясында балаларға арналған жаңа түскен әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып отырады. Кітаптардың ішіндегі «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар», «Удивительные динозавры планеты» атты 3Д анимациялық виртуалды кітаптар балаларды қызығушылықпен қарайды. Сонымен қатар Р.Стивенсонның «Қазына аралы», О.Асқардың «Балалар әлемі», «Балаларға қазына» үш томдық кітабы т.б оқырмандар сұранысына ие.

«Өз құқығыңды білесіңбе балақай?»

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 179
2022 жылдың мамыр айының 20 – шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 12 маусым балалар еңбегін қорғау күніне орай «Өз құқығыңды білесіңбе балақай?» атты сұрақ жауап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір – біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1207691586659099&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/Cdxux3Er9FW/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Ұлттық қолөнер- тәрбие көзі

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Мерей» - қолөнер клубы жұмыс істейді. Біздің үйірмеге 2-6 сынып аралығындағы оқушылар қатысады. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру. Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. бүгіән біз 14 наурыз күні «Мерей»-қолөнер клубы мүшелерімен «Ұлттық қолөнер- тәрбие көзі» деген тақырыпта биылғы жылы құрақ құрауды үйренеміз. Қатырма қағаздан қиып жасаған құрақтарды матаға түсіріп, сызып аламыз да қайшымен кесіп құрақ көздерін көктейміз. Мақсаты:Оқушылардың құрақ туралы ой ұшқырлығын және білімдерін жетілдіру, құрақтың тігілу жолдарын үйрету, үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ