"Рәміздерім-мақтанышым"
Дата: 30.05.2022
Категория: Новости
Просмотры: 101
2022 жылдың 30 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының №27 орта мектеп гимназиясының 5 сынып оқушыларымен 4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл толуына орай «Рәміздерім-мақтанышым» атты викториналық сайыс өткізілді. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Шараға 25 адам қатысты.