"Балалар-біздің болашағымыз"
Дата: 01.06.2022
Категория: Новости
Просмотры: 67
Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы , көз қуанышы – бала . Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Осы орайда 2022 жылдың 1 маусым күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Халықаралық балалар күніне орай кітапхананың оқырмандарымен «Балалар – біздің болашағымыз» атты бук-травел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Шараға 20 адам қатысты.