Астана - тәуелсіз еліміздің бойтұмары
Дата: 05.07.2022
Категория: Новости
Просмотры: 85
2022 жылдың 5 шілде күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының қызметкері Е.Солтанбек 6 шілде Астана күніне орай Талдықорған қаласының №42 балабақшасындағы «Алау» тобының балаларына «Астана-тәуелсіз еліміздің бойтұмары» атты кітап көрмесін таныстырды. Мақсаты: оқырмандарды Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу. Астана туралы деректермен білімін дамыту. Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу. Көрмеге А. Мұқибекұлының «Ұлылық пен мәңгілік», Қ. Олжайдың «Президент пырағы», Р.Ниязбектің «Айбозым менің», «Астана 20 жылдық шежіресі», Астананың 20 жылдығына 3 тілде шығарылған «Жан жүрегім Астана» атты фотоальбом кітаптары қойылды.