Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Колобок»

Дата: 26.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 75
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына кызмет көрсету бөлімінде 2022 жылдың шілде айының 22 – ші жұлдызында «Ертегіші» клубының дайындаған «Колобок» онлайн қойылымын оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқушылардың ертегілер арқылы өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Қызығушылықтарын, талғампаздық қасиеттерін, ой – өрісін дамыту. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жолдастыққа, бірлікке тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0mV5Lx8fDq8zSCES4GghdA7ZReAM9NtA4RE41a3QsW8ZbEq6mQGNEk2tQuNxQ1fnXl&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CgdgL_jqBJQ/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

«Сақтан ұрпақ, Спид деген қатерден»

Дата: 21.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 95
2022 жылдың шілде айының 20 – ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде оқырмандармен «Сақтан ұрпақ, Спид деген қатерден» атты шок сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: Спид төндіріп отырған қауіпті қатерлі дерттің алдын-алу, одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқырмандарды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, тазалыққа баулу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0q8q8jDyRDvxmmWYGMsinQQbLYMMkUtXDFqEGsP84PmcVuZRks5MkBSi8yxv9xjayl&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CgQuhLCN4bP/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

"Тұла бойын асыл сөз жыр кернеген"

Дата: 21.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 71
Қалалық №2 кітапхана филиалы 2022 жылдың шілде айының 20-шы жұлдызында Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Тұла бойын асыл сөз жыр кернеген» атты жыр марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқырмандардың бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау. https://www.instagram.com/p/CgQiZnBqspP/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

«Өнерім – өмірім»

Дата: 19.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 91
2022 жылдың шілде айының 19 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Ш.Жиенқұлова, К.Байсейітова–110 жж., А.Ғалымбаева–105ж., Р.Бағланова–100ж., Қойшыбаева Зейнеп–85ж.» ұлы тұлғалардың жылдығына орай № 2 орта мектептің күндізгі лагерь оқушылары «Өнерім – өмірім» атты көрме панорамамен таныстырылды. Мақсаты: Оқырмандарымызға мерейтой иелері: әйгілі қазақтың биші қызы Ш.Жиенқұлова, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі К.Байсейітова, Қазақстанның халық суретшісі А.Ғалымбаева, қазақ опера және эстрада әншісі Р.Бағланова, қазақ опера әншісіЗ.Қойшыбаева туралы толығырақ мағлұмат беру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02qCS42DhckVkdX9UArR7U1gN5YGWC1miReiR5ougLA9Fdj3zz63WNYVxma5DYRQtgl&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CgL84XtLuy_/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

«Күншуақта кітап оқу көңілді»

Дата: 14.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 76
Балаларды жалпы оқуға тарту, ақпарат ұсыну, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік жасап, кітап оқуға баулу мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасы 2022 жылдың шілде айының 14 – ші жұлдызында «Күншуақта кітап оқу көңілді» тақырыбында ашық аспан астында кітап оқу open air ұйымдастырды. Оқырмандарымыз ақын – жазушылардың өлендерін мәнерлеп оқыды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02EzX5P9M8x9EFfrpZXPL5KkuFmntQmnY6Ws7AJqVNnekczHZjrBX3ZzJ2cKjPHW5Fl&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/Cf-9BYarf-Z/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ