Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Лирик ақын- Сырбай »

Дата: 23.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 75
2022 жылдың тамыз айының 23–ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде оқырмандарменҚазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1-дәрежелі Отан соғысы, “Қызыл Ту”, “Халықтар Достығы”, “Құрмет Белгісі” ордендерінің иегері Сырбай Мауленовтың туғанына 100 жыл толуына орай«Лирик ақын- Сырбай »атты жазушы бенефисі ұйымдастырылды.Мақсаты:Оқушыларға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері, ақын Сырбай Мәуленов туралы толық ақпарат беру, шығармашылығымен таныстыру. Сонымен қатар поэзияға деген сүйіспеншілікке, өзін-өзі бағалай білуге баулу. Балалар ақынныңөмірбаянымен және шығармашылығымен тереңнен танысты, сонымен қатар оларға автордың кітаптарына шолу жасалды.

Ұлттық сана ұлт бірегейлігінің негізі

Дата: 23.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 46
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2022 жылдың тамыз айының 10 жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында«Ұлттық сана ұлт бірегейлігінің негізі»атты танымдық сағат ауыл жастарының арасында өткізілді. Мақсаты: Жастардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

"Сыршыл да суерткер ақын"

Дата: 18.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 60
Биыл қазақтың көрнекті ақыны Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толуына орай қалалық №2кітапхана филиалы поэзия марафонын ұйымдастырды.Мақсаты:Ғ.Ормановтың шығармашылығын дәріптей отырып,оқырмандарды елін,жерін сүюге,алдыңғы буын әдебиет өкілдерін құрметтеп,олардың шығармашылығын терең меңгеріп,ұлттың қамын жейтұғын,отансүйгіш,ұлтжанды тұлға қалыптастыру барысында,үлкенге құрмет,кішіге ізет ете білуге тәрбиелеу.

«Аты аңызға айналған ұлы биші»

Дата: 17.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 65
2022 жылдың 16 тамыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Аты аңызға айналған ұлы биші» (биші Ш.Жиенқұловаға 110 жыл)атты танымдық сағатын өткізді. Мақсаты: мың бұралған биші Шара Жиенқұлованың өмірі мен өнерінен қызықты естеліктермен бөлісу. Би өнерінің іргетасын қалап, киелі де рухани дүниенің сырын ашып, талмас талап пен қажымас қайраттың үлгісін көрсеткен, халық артисінің өнер жолындағы жетістіктерімен танысу.

«Аты аңызға айналған ұлы биші»

Дата: 17.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 60
2022 жылдың 16 тамыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Аты аңызға айналған ұлы биші» (биші Ш.Жиенқұловаға 110 жыл) танымдық сағатын өткізді. Мақсаты: мың бұралған биші Шара Жиенқұлованың өмірі мен өнерінен қызықты естеліктермен бөлісу. Би өнерінің іргетасын қалап, киелі де рухани дүниенің сырын ашып, талмас талап пен қажымас қайраттың үлгісін көрсеткен, халық артисінің өнер жолындағы жетістіктерімен танысу. Шара Жиенқұлова сахна мәдениетін, оның жан сұлулығын өте жақсы меңгерген,қазақ би өнерінің қалыптасуына үлесін тигізген.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ