"Құқықтық сауаттылық-уақыт талабы"
Дата: 21.09.2022
Категория: Новости
Просмотры: 35
2022 жылдың 21 қыркүйек күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «Құқықтық сауаттылық-уақыт талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.