"Кітап тайм-2022"
Дата: 23.09.2022
Категория: Новости
Просмотры: 123
2022 жылдың 23 қыркүйек күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Кітап тайм-2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өткізілді. Шараға Талдықорған қаласының №12 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары, «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. Шара шымылдығын Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы ашып, ақыл кені болған кітаптың құндылығына тоқталып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру жайында сөз қозғады. Фестиваль аясында кітапхана қызметкері «Кітаптың шығу тарихы» жайлы қызықты ақпаратпен бөліссе, оқушылар арасында «Тапқыр болсаң тауып көр» кинодан үзіндіні табу, «Әдебиет әлеміне саяхат» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері: Веснин Эдуард...