Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Қыран елім-Қазақстан"

Дата: 20.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 39
25 қазан "Республика күніне" орай қалалық №2 кітапхана филиалы қазан айының 20 күні "Қыран елім-Қазақстан" атты ақпарат сағатын өткізді.Мақсаты:оқырмандарды өз Отанын сүюге,қазақ екенін,Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге,туған халқының тілін,мәдениетін,салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да,парасатты азаматтар болуына,елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге, өз елін,тегін,тарихын білуге тәрбиелеу.

"Қазақстан, Республикам менің!"

Дата: 20.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 43
2022 жылдың 20 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында 25 қазан Республика күніне орай «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «Қазақстан-Республикам менің!» атты ақпарат сағатын өткізді. Мақсаты: Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру. Шараға 15 адам қатысты.

"Халқы сүйген қаламгерлер" кітап көрмесі

Дата: 19.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 29
2022 жылдың 19 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Қазақстанның халық жазушысы: Ғ.Мұстафинге-120 жыл, Ә.Нұршайықовқа-100 жыл, Ш.Мұртазаға-90 жыл, М.Шахановқа-80 жас толуына орай «Халқы сүйген қаламгерлер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді.

"Чудесный мир волшебных сказок"

Дата: 19.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 27
Қазан айының 19-шы жұлдызында балалар кітапхана ғимаратында №2 мектеп оқушыларымен 1 «г» сынып оқушыларымен «Тәтті кітап» жобасы аясында «Чудесный мир волшебных сказок» атты библиодесант ұйымдастырылды.Шараның барысында балалар өздерінің А.С.Пушкинді жақсы білітіндігін көрсеттіп, «Узник», «К морю», «Туча» тақпақтарын жатқа оқып берді. Шараның соңында балалар жазушының кітаптарын үйге оқуға алды. Мақсаты: Көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңрек таныстыру, дүниетанымдарын кеңейту, ой ұшқырлығына, білімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ізденгіштікке тәрбилеу.

"Алып тұлға Асанбай"

Дата: 18.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 27
2022 жылдың қазан айының 18 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына кызмет көрсету бөліміндекөрнектімемлекет, саясатжәнеқоғамқайраткері, жазушы Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Алып тұлға Асанбай» атты ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы С.Ынтымақ оқушыларды жазушының өмір жолымен,шығармашылығымен таныстырып, оның жазған кітаптарына тоқталып өтті. Мақсаты: оқырмандарды Асанбай Асқаров шығармашылығымен таныстыру, олардың әдеби дүниетанымын кеңейту, тіл байлықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ