Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Шығыстың шоқ жұдызы"

Дата: 28.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 36
2022 жылдың 28 қазанкүні қалалық орталық балалар кітапханасында Кеңес Одағының батыры, ерлігі мен өрлігі ерлерге пара-пар қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты патриотттық сабақ өтті. Мақсаты: оқырмандарға Тұмар ханшайымнан бастау алатын қазақ қыздарының ерлігі жайлы баяндау, оқушыларды, елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен азаматтарды құрметтеуге, туған жерін сүюге, Отан үшін отқа түсетін елжанды, ел азаматы болуға тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға қаһарман қыздың өмір жолы таныстырылып, Мәншүк ерліктерін баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылар «Мәншүк тірі болса қазір қандай болар еді,кім болар еді? Сендер болашақта кім боласыңдар, еліңізге, Отаныңызға қандай қызмет етередіңіздер?» деген сынды сұрақтарға жауап берді.

Қазақ елі менің - Отаным

Дата: 28.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 97
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2022 жылдың қазан айының 22 жұлдызында 1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады осыған орай «Қазақ елі менің - Отаным» аты танымдық сағатты №22 мектептің оқушылары арасында өткізді. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.

«Менім елім, менің Қазақстаным»

Дата: 27.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 59
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 25 қазан Республика күніне орай қазан айының 20-шы жұлдызы күні «Менім елім, менің Қазақстаным» сторителлингі өтті. Мақсаты: Жасөспірімдерді өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

«Қазақтың алғашқы суретші қызы – Айша Ғалымбаева»

Дата: 27.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 67
Қазақстан халық суретшісі, Қазаақстан Республикасы Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметі Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған. Айша Ғарифқызы Ғалымбаева туғанына 105 жыл толуына орай Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 6 қазан күні «Қазақтың алғашқы суретші қызы – Айша Ғалымбаева» атты слайд-галереясын көпшілік оқырман қауымның назарына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Суретшінің өмірі мен шығармаларын дәріптеу, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

«Қарттарым – асыл қазынам»

Дата: 27.10.2022 Категория: Новости Просмотры: 31
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2022 жылы 29 қыркүйек күні 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты әдеби - сазды кеші өтті. Мақсаты: Ауылымыздың үлкендеріне сый – құрмет көрсетіп, сол қарттарымыздың қадір – қасиеттің түсініп, бағалайық. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың дәстүрінде дәріптеліп, салты мен санасына берік орныққан қасиет. Ата – әжелер - халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ