Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Кел, балалар үйренейік!» атты «Шахмат» ойыны

Дата: 07.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 30
2022 жылдың 7 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының «Алау» коворкинг орталығында жастардың қатысуымен «Кел, балалар үйренейік!» атты «Шахмат» ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру; Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеу.

Бірлік бар жерде, тірлік бар

Дата: 04.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 35
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 4 қазан күні «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген тақырыптағы сұхбат интервью ауыл тұрғыны, кітапхананың тұрақты орқырманы шешен мәдени орталығының өкілі Асет Могамедқызымен өтті. Сұхбат барысында А.Могамедқызы:- Елімізде түрлі ұлт өкілдері қоғамдық бірлестігін, мәдени орталығын, одағы мен қауымдастығын құрып, еркін өмір сүруде. Солардың бірі Талдықорған қаласындағы Шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығы– 1990 жылы құрылған. Бастымақсаты— ұлтаралықтатулықпен әлеуметтік тұрақтылық ахуалын сақтай отырып,шешенжәнеингушұлтының тілдері менмәдениетін,салт-дәстүріндамытып, насихаттау. Жетісу өңірінде 6 мыңнан аса шешен, 690-дай ингуш ұлтының өкілдері татулық пен ынтымақта өмір сүріп жатыр. Қазақ халқына алғысымыз шексіз - деп өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар оқырмандарға шешен ұлтының салт-дәстүрінен қызықты әңгімелеп берді.

«Жүрек жылуын сыйлайық»

Дата: 03.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 81
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 2022 жылдың қараша айының 3-де Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының балаларымен «Жүрек жылуын сыйлайық» атты библиогид ұйымдастырылды. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани демеу көрсету, кітапханамен дос болуға шақыру.

«Кітапханаға кітап сыйла»

Дата: 03.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 49
Қалалық орталық балалар кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасын табуда. Осыған орай Злобина Анна Николаевна кітапханамызға өзінің жеке кітап қорынан 10 кітап сыйлады. Кітапханамыздың кітап қоры К.Паустовский, В.Шукшин, В.Набоков, В.Владимиров сынды орыс классиктерімен қатар шетел жазушылардың да туындыларымен толықты. Кітапханаға кітап сыйлаңыз!

Ою-өрнек жапсырмалау

Дата: 02.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 84
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2022 жылдың қазан айының 31 жұлдызында «Зерде» клубының «Ою-өрнек жапсырмалау» атты кезекті отырысы өтті. Мақсаты: Атадан – балам мұра болып келе жатқан ұлттық ою-өрнектердің ерекшеліктерін түсіндіру. Ою-өрнектің түр - түсін және аттарын ажырата білуге жаттықтыру. Халқымыздың асыл мұрасын, салт – дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ