Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Қазақ оюының сыры»

Дата: 10.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 47
2022 жылдың қараша айының 10-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде оқу залының оқырмандарымен «Қазақ оюының сыры» тақырыбында сабақ өтті. Шара барысында оқырмандар әрбір ою түрінің өзіндік атауы мен мәні бар екенін біліп, түрлі ою-өрнектің үлгілерін жасап қана қоймай, ою жиегін кестелеп үйренді. Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін білуге, ою түрлерін олардың қай жерлерде қолданатынын үйрету, алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.

Адамгершілік қағидалары

Дата: 10.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 39
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс аясында «Адамгершілік қағидалары» атты мейірімділік шарасында ауыл тұрғыны Тухтиева Мейрамгүлмен 2022 жылдың 10 қарашасында кезекті кездесу өткізілді Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірге деген құлшыныстарын арттыру, кедергісіз кеңістікте өмір сүріп жатқандарын ұғындыру, жандарына демеу болып қуаныш сыйлау

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 10.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 35
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Алматы облысының туристік ақпараттық орталығының «Жобалар» бөлімінің қызметкері Тоғызбасова Ақерке Жумашқызы Алматы облысының көрікті жерлері туралы кітаптарды кітапхана қорына сыйға тартты.

Коворкинг

Дата: 10.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 38
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының жанынан құрылған «Коворкинг» орталығында кітапхананың әр жастағы оқырмандары келіп өздерінің бос уақыттырын тиімді өткізеді. Балалар орталықта ой өрісін дамытатын ойындар: шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындарын ойнап, ғаламторда отырып өздеріне керекті ақпараттарды таба алады.

"Терроризммен күрес баршаның міндеті"

Дата: 09.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 44
Қалалық №2 кітапхана филиалы қараша айының 9 күні "Терроризммен күрес баршаның міндеті" атты кеңес тренинг өткізді.Мақсаты:Оқырмандарға терроризм туралы түсінік беру,оның түрлері,себептері мен зардаптарын,бейбітшіліктің маңызын ұғындыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ