«Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы»
Дата: 28.11.2022
Категория: Новости
Просмотры: 46
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай 2022 жылы қараша айының 24-ші жұлдызы күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы» атты мектеп оқушыларының қатысуымен кітап көрмесі өтті. Іс –шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кең көлемде мағлұмат берілді.Мектеп оқушылары- Асылұлы Әлімхан, Арзенов Мейірбек Ерсінұлы Бауыржан Ахмет аталарының өлеңдерін жатқа оқыды.Іс-шараға қатысушыларға «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында кітап көрмесіне шолу жасалынды. Көрмеге Ахмет Байтұрсынұлының «Маса», «Бес томдық шығармалары жинағы», «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасыз» атты жинақтар қойылды. Шараның мақсаты: Оқырмандарға А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру, тілге, елге құрмет көрсету, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін оқырмандарға үлгі ете отырып,...