«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым»
Дата: 14.12.2022
Категория: Новости
Просмотры: 117
Қалалық орталық балалар кітапханасы төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі 2022 жылдың желтоқсан айының 14-ші жұлдызында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты ертеңгілік ұйымдастырды. Шараға № 2-ші орта мектептің 4-ші «Ә» сынып оқушылары қатысты. 1986 жылғы «16 желтоқсан оқиғасы» негізінде жасалған бейнеролик көрсетіліп, оқушылар дайындаған театрландырылған «Жер бесікті тербетем», «Бес арыс», «Елім-ай», «Түрме жыры» қойылымдары көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар патриоттық тақырыпта өлеңдер оқып, ән де шырқады. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Туған өлкемізге деген сүйспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отаның қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбилеу.