Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Туған өлкеге саяхат»

Дата: 21.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 28
2022 жылдың 21-ші желтоқсан күні қалалық орталық балалар кітапханасында «Туған өлкеге саяхат» атты библиографиялық сабақ өтті. Мақсаты: Балаларды туған өлкесі Жетісу облысының, оның ішінде Талдықорған қаласының көрікті жерлерімен таныстыру, табиғатына, әсем көшелеріне, мәдениет орындарына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

«Мақал - сөздің мәйегі»

Дата: 20.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 38
20 - желтоқсан күні Талдықорған қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен №14 орта мектептің 6 сынып оқушыларымен «Мақал - сөздің мәйегі» атты мақал-мәтел сайысы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша: 1 орын – Аңсағанқызы Замира 2 орын – Әлмұхамед Даурен 3 орын – Жұмағали Інжу дипломдармен марапатталып, қалған қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

«Тағдырдың кейбір кездері»

Дата: 15.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 46
2022 жылдың 15-ші желтоқсан күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде № 2-ші орта мектептің 6 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Тағдырдың кейбір кездері» тақырыбында жазушы бенефисі өткізілді. Шара халық жазушысы, драматург Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына арналған. Мақсаты: Оқырмандарды мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оларды жазушының туындыларын оқуға шақыру, кітап оқуға баулу.

"Қазақстан ұлы елім,тәуелсіздік тірегім"

Дата: 15.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 32
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай қалалық №2 кітапхана филиалы желтоқсан айының 15 күні «Қазақстан ұлы елім, тәуелсіздік тірегім» атты ақпарат сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу; еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан құрбандарының ерлігін үлгі етіп көрсету.

"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"

Дата: 15.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 41
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы» атты тарихи сағат кітапхана оқырмандарымен өтті. Мақсаты -жастарды еліміздің тарихи кезеңдеріндегі жүріп өткен жолы мен тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығын мақтан тұтуға тәрбиелеу. Шараға Желтоқсан оқиғасының күәгері Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің әдіскері Кенжебеков Қайрат Кенжебекұлы шақырылды. Аталмыш шара аясында Қайрат Кенжебекұлы оқырмандарға сонау тарих қойнауына кеткен 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы туралы әңгімелеп берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ