Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Қош келдің, Жаңа жыл!

Дата: 28.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 39
Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында 2022 жылы желтоқсан айының 28-ші жұлдызы күні«Қош келдің, Жаңа жыл!» жаңа жылдық шырша 3-14 жас аралығындағы балалар арасында өткізілді. Мақсаты:Балаларға жаңа жылдық мереке туралы түсінік беру, балалардың бойында қияли жағдайларды қалыптастыру, зейінін, қиялын дамыту, әндерді, өлеңдерді, билерді үйрету, бөлменің ішін мерекеге сай безендіру.Сонымен қатар,балалар жаңа жылдық шыршаны айналып, өлеңдер айтып, би биледі. Аяз ата мен ақша қарды шақырып, Аяз атаға өздері дайындаған тақпақтарын айтып, өнерлерін көрсетіп, түрлі ойындар ойнады. Аяз ата өнерлерін көрсеткен балаларға сыйлықтарын берді. Шыршаға қатысушылар шырша жанында естелікке суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтарын алып мәз-мейрам болып, үйлеріне тарқасты. Шырша кеші өте көңілді өтті. Шараға 53 адам қатысты. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0cCkrVHAcSfoRLSXgESKz8YSPNneRLQL55nzMbCqyh1WauPpQ3ffSq9KmyimRZknNl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZVmD_LlKnCp...

Кітапханаға кітап сыйла

Дата: 27.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 29
Учхоз (ЗВТ) №8кітапхана филиалында 2022 жылы желтоқсан айының 26–шы жұлдызы күні «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Мақсаты: Халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid041Uurq4wLpwUWUc9LcmJEXLYU9wfEDVB8vzXUAVN3QbuvsWJJnKn44hJLfd8dPQ7l&id=100022548073225&__cft__[0]=AZW8iXu3yd3oLmvoQUCCYTu2gi5qWAb8KZjpSDj8b26Qh5bov1as5pOx09-2VG__3AH3EDSexpGDwBihawO5Vwqr6T79t0naMaGJb8298aTYCMXn_6vniwf3WRfn8QgZitMX567dFv6viFf2u_UTZwrLPxrOVInQqa8vd47QLNW8SA&__tn__=%2CO%2CP-R

"Жылдам оқу сайысы"

Дата: 27.12.2022 Категория: СМИ о Нас Просмотры: 43
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 2- желтоқсан күні №21 орта мектептің 4 сынып оқушыларымен «Жылдам оқу сайысы» ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: балалардың жылдам оқуға, мұқияттылыққа, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Олардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту. Байқау қорытындысы бойынша: 1 орын – Есболған Муслим 2 орын – Нұрсағат Дәулет 3 орын – Ерланұлы Нұрмұхамед дипломдармен марапатталды.

Буккроссинг

Дата: 23.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 43
Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 2022 жылы желтоқсан айының 22-ші жұлдызы күні қалалық №30 және №33 учаскелік амбулатория қызметкерлерімен буккроссинг өткізді. Мақсаты: Буккроссинг - бірге оқимыз, кітаптың айналыста жүруі, акцияның негізгі идеясы - өзара кітаптар алмасуы. "Буккроссинг" акциясы 2005 жылы қолға алынды. Бүгінде кітапханада аталмыш акция дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатыр.

«Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»

Дата: 22.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 39
2022 жылы желтоқсан айының 22-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары» атты оқырмандармен таныстыру сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды ұлы ағартушы, қоғам қайраткері, ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ұлтқа сіңірген ұлы еңбегімен таныстыру, ақынның шығармаларын оқуға шақыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ