"Қазақ сахнасының саңлағы"
Дата: 11.01.2023
Категория: Новости
Просмотры: 44
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 11 қаңтар күні «Қазақ сахнасының саңлағы» деген тақырыптағы өнер сағаты актриса, Қазақ Республикасының халық әртісі, кино экраны мен театр сахнасында қазақтың талай ару қызы мен абзал аналарының сүбелі образын сомдаған талантты актриса, қаламгер-драматург, Қырғыз Республикасы өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бикен Ырымқызы Римованың туғанына – 100 жыл толуына арналып өткізілді.
Шараға арнайы қаламыздағы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы» Кендебай Темірбайұлы, кітапхана оқырмандары, №21 мектептің 8 сынып оқушылары шақырылды. Шара барысында оқырмандарға актриса Б.Римованың өмірі туралы мәлімет берілді. Шара қонағы Кендебай Темірбайұлы Бикен апаның сахнада сомдаған кейіпкерлері, кинода ойнаған рөлдері жәйлі әңгімелеп берді. Жастарға ө...