Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Қағаздан гүл жасау»

Дата: 12.01.2023 Категория: Новости Просмотры: 27
2023 жылы 11 қаңтар күні Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында «Жауқазын» клуб мүшесі Темірбекова Жаниза түрлі түсті қағаздан гүл жасап үйренді. Мақсаты: Оқушылардың ұшқырлығын және білімдерін жетілдіру, жасалу жолдарын үйрету, еңбек сүйгіштікке баулу.

«Мемлекеттік тіл – ұлттық қазына»

Дата: 12.01.2023 Категория: Новости Просмотры: 38
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 11 қаңтар күні мектеп оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік тіл – ұлттық қазына» атты тұрақты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Оқушыларды білім алушылардың тіл туралы білімдерін ұштастыра отырып ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, ой шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып сөз еркіндігіне баулу.

“Сахна әлемінің маржаны»

Дата: 12.01.2023 Категория: Новости Просмотры: 30
2023 жылдың 12 қаңтар күні «В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының халық әртісі Бикен Ырымқызы Римованың туылғанына 100 жыл толуына орай “Сахна әлемінің маржаны» атты ақпарат сағаты өткізілді. Ұлтымыздың сахна өнерінің өсіп-өркендеуіне, кемелденуіне барлық шығармашылық ғұмырын бағыштаған қазақтың өнерпаз тұлғасы, кино экраны мен театр сахнасында халқымыздың талай ару қыздары мен абзал аналардың сүбелі образдарын сомдаған талантты актриса, қаламгер-драматург, танымал тұлға. Бикен Римованың жасаған рухани құндылықтары келер ұрпақ үшін мол таусылмас қазына.

Кітап - сарқылмас рухани қазына

Дата: 12.01.2023 Категория: Новости Просмотры: 44
2023 жылы қаңтар айының 11-ші жұлдызы күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы "Жүрек жылуы" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға "Кітап - сарқылмас рухани қазына" - тақырыбында үйге кітап апарды. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандарды кітапханаға тарту, оқыған кітаптары туралы әңгімелесу , рухани демеу көрсету. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02Jz38Y8NQ2L7N3j5zcGWxu4bqbrgmwcCNdku8z3EGP8xYCunn8hCiiL7PAg6femZwl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZVHBbtqzdAsdYZcTHz_MLm88woHSUg8xG1Oj38ZDvZ_OxxXOXvut7DVpeoyBfeR9Eg0iNOK_CRcRREsDx2-VQkWfe81Oy5CtchNO3GOTSixwMMR6AspIMbyOpDfiFaWB_RwYmkohWKBoADzaCn0oWddwcsGt_lFIteNi2HDBw4lfA&__tn__=%2CO%2CP-R

«Кітапхана – ұлттың рухани азығы»

Дата: 11.01.2023 Категория: Новости Просмотры: 33
2023 жылдың 11-ші қаңтар күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде оқу залының оқырмандарымен «Кітапхана – ұлттың рухани азығы» атты библиографиялық сабақ өткізілді. Мақсаты: Бүгінгі күнгі жас оқырманның жүрегіне саралы жол табу, оқырманның талабын қанағаттандыру. Кітаптың адам өміріндегі орыны жайлы түсінік беріп, оларды кітапханаға тарту, кітап оқуға баулу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ