«Алғыс айту парызым»
Дата: 01.03.2023
Категория: Новости
Просмотры: 38
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 1 Наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Алғыс айту парызым» атты сторителлинг №21 мектептің 5 «ғ» сынып оқушыларымен өтті. Шара барысында «Алғыс айту» күнінің шығу тарихы, алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі туралы айтылды. Балалар өз ойын еркін жеткізу мақсатында «Автограф» ойыны ойналды. Шараға 25 адам қатысты.
Мақсаты: жастардың ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсініктерін кеңейту. Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/CpPgT8JDWBc/?utm_source=ig_web_copy_link