Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Дата: 07.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 26
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 7 наурыз күні «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты поэзия сағаты көпшілік оқырманмен өткізілді.Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер ұстаз-аналар мен ару қыздарды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. ұстаз-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету мақсатында өткізілді. Қожақов Абылай «Ана туралы жыр » әндерін нақышына келтіре орындап, кештегі қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Аналар алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.

Таланттың тарланбозы

Дата: 07.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 35
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2023 жылдың науырыз айының 4 жұлдызында М.Төлебаевтың туғанына 110 жыл толуына орай«Таланттың тарланбозы»атты өнер сағаты №22 мектептің оқушылары арасында өтті. Мақсаты: Қазақтың алғашқы опера өнерінің негізін қалаушы даңқты өкілдерінің бірі, қазақ кеңес музыкасының классигі, аса көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.

"Ана-гүл,ана-жыр,ана-өмір шуағы"

Дата: 07.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 31
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай қалалық №2 кітапхана филиалы наурыз айының 7 жұлдызында «Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы» атты ертеңгілік ұйымдастырды. Мақсаты: Ана-өмірдің шуағы, ана-өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру.

"Аналар-асыл жандар, шуақ боп шашылғандар" дивертисмент кеші

Дата: 03.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 43
2023 жылдың 03 наурызында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында «Жыр жұлдыздары» клуб мүшелері және №12 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуыменен «Аналар-асыл жандар, шуақ боп шашылғандар!» атты дивертисмент кеші өткізілді. Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Сонымен қатар 8 наурыз мерекесінің тарихы да қапыда қалмады. Шарада мектеп оқушылары би билеп, ән салды. Клуб мүшелері аналарына өлең жолдарын жолдады. Шараға барлығы: 25 адам қатысты.

Ана – біздің күніміз

Дата: 03.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 43
2023 жылдың 3 наурыз күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушыларымен және оқу залының оқырмандарымен 8 наурыз мерекесіне орай «Ана – біздің күніміз» атты шеберлік сабағы өтті. Оқушылар мерекеге орай өз қолдарынан әртүрлі бұйымдар жасап, аналарына сыйға тарту етті.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ