Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Әжемнің ертегісі» жобасы аясында «Тыңда балам ертегі, ертегі сыр шертеді» атты ауыл әжелерінен ертегі тыңдау

Дата: 29.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 23
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 29 қараша күні«Әжемнің ертегісі» жобасы аясында «Тыңда балам ертегі, ертегі сыр шертеді» атты ауыл әжелерінен ертегі тыңдау өткізілді. Мақсаты: Балалардың есте сақтау қаілеттерін жаңғырту. Ертегіні еске түсіріп, сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, соның көңіл күйін образ арқылы бейнелеп беруді үйрету.

"Тұңғыш Президент - тарих тұлғасы"

Дата: 28.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 19
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 28 қараша күні 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Тұңғыш Президент – тарих тұлғасы» атты тұлғалық сағат кітапхана оқырмандарымен өтті. Шарада еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына қосқан үлесі жайлы және саяси қызметі туралы айтылды. Мақсаты: жас ұрпаққа елге қызмет еткен маңызды тұлғалардың өмір жолын, шығармаларын насихаттау.

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі.

Дата: 28.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 20
2024 жылдың 28 қараша күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында көпшілік оқырмандарға «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы ақпараттандыруға, жас ұрпақты сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне теріс көзқарасқа, өз әрекеттері мен әрекеттері үшін жауапкершілікке, жасөспірімдердегі сана мен әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеуге бағытталған. https://www.instagram.com/p/DC6XChiICAd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Терроризм – адамзаттың қасіреті» атты сторителлинг

Дата: 28.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 23
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 28 қараша күні «Терроризм – адамзаттың қасіреті» атты сторителлинг өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Қазақ поэзиясының сұлу сарайы

Дата: 28.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 34
2024 жылы 27 қараша күні қалалық орталық балалар кітапханасында №2 орта мектептің 7 «б» сынып оқушыларының, қалалық ардагерлердің, М.Мақатаев атындағы поэтикалық жас актерлер театр әртістердің қатысуымен қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының сұлу сарайы» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты: Оқырмандар арасында Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттау. Ақынның шығармашылығына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, поэзияны сүюге баулу. Шара барысында ҚР Халық әртістері, Алматы облысының «Құрметті азаматтары», ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегерлері Кендебай Темірбайұлы мен Алмахан Нұрпейісқызының жетекшілігімен Талдықорған қаласының М.Мақатаев атындағы поэтикалық жас актерлер театры, жазушы Қ.Мұқашовтың «Дала дастаны» атты І.Жансүгіровтің 130 жыл мерей тойына арналған театрландырылған көрініс қойды. І.Ж...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ