Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Баспасөз - өмір айнасы"

Дата: 17.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 21
2023 жылдың 17 сәуірі күні қалалық орталық балалар кітапханасында оқырмандарды мерзімді басылымдармен таныстыру мақсатында "Баспасөз - өмір айнасы" атты библиографиялық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды кітапханамыздағы газет-журналдармен таныстыру, оларды баспасөз беттеріндегі мақалалармен таныстырып, кітапханаға тарту, ой-өрісі кең ұрпақ болуларына жол ашу.

"Бір-бір кітап" акциясы

Дата: 14.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 33
2023 жылдың 14 сәуірінде қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде "Бір-бір кітап" акциясы шеңберінде ұйымдастыры лған кітап көрмесіне шолу жасалынды. Мақсаты: Жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын аттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы түсініктерін кеейту, Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін ояту, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.

«Нағыз оқитын кез» жобасы

Дата: 14.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 145
2023 жылы сәуір айының 14-ші жұлдызы күні «Нағыз оқитын кез» жобасы аясында №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалының оқырманы №27 орта мектеп - гимназиясының 6 сынып оқушысы Ибраим Рахат жазушы Қанат Қайымның жеткіншек ұрпақ - жасөспірімдер оқырман қауымына арналған «Көпір астындағы үй» хикаятынан үзінді оқып тарту етті. Мақсаты: Жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітапханаға тарту, шығармашылығын шыңдау. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0ysc8iq4srwd2BtJZ4uxqPaKEYkvrXyf1xKwj37gbhQvrQktdtiCiLJfY6ouFuPffl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUzJnVRtepigsRoJNX69b_uEUzo5omltbMmEhF9vmfFeCwmSXyXfVsnklGZP4APYEd8fuvUTCfeG5WdpnPH0MrlgdKc55MGhPkfn7JrjEhoPR9PglI35ak7INrz3rrEDSlcjgxCcnV_0jRuRNkePZXFD5jFVku-ZnauhmQd8VigAA&__tn__=%2CO%2CP-R

"Ескерткіш-тарих куәсі"

Дата: 14.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 40
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында «Ескерткіш-тарих куәсі атты» тарихи сағат 14 сәуір күні өтті. Бұл шара 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау күніне орай өткізілді. Шараға №21 мектептің 7 сынып оқушылары, ардагер әжелер қатысты. Шараның мақсаты – мәдени ескерткіштерді қорғап, сақтауға үлес қосуға және келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру – біздің әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз екенін жас ұрпақ санасына сіңіру.

2023 жылдың 13 сәуір күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана оқырмандарымен ғұмырының жартысын қазақтың тарихына, мәдениетіне, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек етк

Дата: 13.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 48
2023 жылдың 13 сәуір күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана оқырмандарымен ғұмырының жартысын қазақтың тарихына, мәдениетіне, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымына арналған «Тағылымы терең, өресі биік-С.Қондыбай» атты тұлғалық сағаты өткізілді. Мақсаты: ерекше талантымен талайды тамсандырған Серікбол Қондыбай шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныту, оның өмірін жастарға үлгі ету. Шараға: 18 адам қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ