Нашақорлық-ғасыр дерті
Дата: 26.04.2023
Категория: Новости
Просмотры: 35
3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2023 жылы 26 сәуір күні жасөспірімдер арасында «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты сұрақ-жауап кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы К.Жұмаділқызы адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер туралы, соның ішінде есірткіден сақтану жолдарына тоқталды. Шараға қатысушыларға қойылған сұрақтарға тұжырымды жауаптар алынды. Мақсаты: Жасөспірімдерге адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру, адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02VE6ADys9ecfSLuyktV53A3yXFEEwuMhrQj6yiNPp2JcQ6FEU1ospQbD6bXvsrQqhl&id=100022548073225